29
март
2023
Ұзақ мерзімді стратегия сипатына ие болуы тиіс
ШОБ-ты қолдаудың мемлекеттік саясаты ұзақ мерзімді стратегия сипатына ие болуы тиіс - ҚР Президенті. Шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік саясаты ұзақ мерзімді стратегия сипатына ие болуы керек. Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Жалпы, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясаты Қазақстанда ұзақ мерзімді және жүйелі стратегия сипатына ие болуға тиіс. Шағын және орта бизнесті дамыту, экономиканы монополиясыздандыру мәселелеріне "Ақ жол"партиясы ерекше назар аударады. Мәжіліс депутаттары партиядан аталған міндеттерді шешуге өз үлестерін қосады деп күтемін",-деді VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент сондай-ақ Парламенттің төменгі палатасы кәсіпкерлер тобының бастамасымен құрылған Respublica партиясының мүшелерімен толықтырылғанын атап өтті. Президент Respublica жаңа партиясы да Қазақстанда қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыруға жан-жақты жәрдемдеседі деген үмітін білдірді.
Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын ашты. Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.
Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы Қазақстанда 19 наурызда өтті. Сейсенбіде Орталық сайлау комиссиясы VIII сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркеді. Депутаттарға куәліктер мен төсбелгілер табысталды.
Парламент Мәжілісінің жаңа құрамымен мына жерден танысуға болады.
Госполитика поддержки МСБ должна приобрести характер долгосрочной стратегии – Президент РК.
Государственная политика поддержки малого и среднего бизнесадолжна приобрести характер долгосрочной стратегии. Об этом заявил Глава государства Касым-Жомарт Токаев на заседании первой сессии Парламента Республики Казахстан VIII созыва, передает корреспондент МИА «Казинформ».
«В целом, государственная политика поддержки малого и среднего предпринимательства должна приобрести в Казахстане характер долгосрочной и системной стратегии. Вопросам развития малого и среднего бизнеса, демонополизации экономики особое внимание уделяет партия «Ақ жол». Ожидаю, что депутаты Мажилиса от партии внесут свой вклад в решение указанных задач», - сказал на заседании первой сессии Парламента Республики Казахстан VIII созыва Касым-Жомарт Токаев.
Президент также отметил, что нижняя палата Парламента пополнилась членами партии Respublica, созданной по инициативе группы предпринимателей. Президент выразил надежду, что и новая партия Respublica будет всемерно содействовать формированию благоприятной бизнес-среды в Казахстане.
Сегодня Глава государства Касым-Жомарт Токаев открыл первую сессию Парламента РК VIII созыва.
Напомним, 27 марта Глава государства Касым-Жомарт Токаев подписал Указ о созыве первой сессии Парламента Республики Казахстан VIII созыва.
Внеочередные выборы депутатов Мажилиса и маслихатов состоялись в Казахстане 19 марта. Во вторник Центральная избирательная комиссия зарегистрировала депутатов Мажилиса VIII созыва. Депутатам вручили удостоверения и нагрудные знаки. С новым составом Мажилиса Парламента можно ознакомиться здесь.