Сәкен Сейфуллиннің туғанына -130 жыл » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 171 » Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2024

Сәкен Сейфуллиннің туғанына -130 жыл

№171 орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында қазақ халқының асыл перзенті, көрнекті ақыны, жазушы, драматург және ірі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына -130 жыл толуына орай 10-11 сынып оқушылары арасында «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты: ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
 Іс-шараға қатысқан 10-11 сынып оқушылары сынып жетекшісі Оспановой А.У. бірге ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып қана қоймай , ақын әндерімен де танысып ақынның «Тау ішінде» әнін ұлдар тобы көрермендер назарына ұсынды. Оқушылар өздері оқыған ақын өлеңдерінің мәні мен мағанасына, тарихына терең үңіліп ақын шығармашылығымен жақынырақ танысты. Сәкен Сейфуллин – қазақтың бір туар ұлы, қазақ әдебиетінің негізін салушыларының бірі. Өлмес әдеби, мәдени мұра қалдырған ақын осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, өлеңдері халқымен бірге жасай бермек


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: