Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастырымен ата – аналар жиналысы өтті
22
февраль
2025

Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастырымен ата – аналар жиналысы өтті

22.02.2025ж.Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастырымен ата – аналар жиналысы өтті. 1- 4 сынып оқушылары ата – аналарына «Баланы өзінің және басқа адамдардың сезімін түсінуге үйрету тәртібі» тақырыбында 2 Г сынып жетекшісі Белых Евгения Александровна жүргізді. 
Мақсаты: Ата-аналарға баланың өз сезімдерін және басқалардың эмоцияларын түсінуінің маңыздылығын түсіндіру.
Балалардың эмоционалдық интеллектісін дамытуда ата-ананың рөлін айқындау.
Баланы өзінің және өзгелердің сезімдерін дұрыс танып, оларды құрметтеуге үйрету жолдарын көрсету.
5- 9  сынып оқушылары ата – аналарына  «Бүлдіретін сыртқы әсерлерге балалардың қарсы тұруы» тақырыбында 9 А сынып жетекшісі Мухаметкалиева Талшын Хасеновна  жиналыс өткізді. 
Мақсаты: ата-аналарды балалардың психологиялық және әлеуметтік тұрақтылығын дамыту жолдарымен таныстыру.
Балаларды теріс ықпалдардан қорғау үшін ата-ананың рөлін күшейту.
Баланың өз ойы мен ұстанымын қорғай білуіне көмектесу.
10- 11 сынып оқушылары ата – аналарына «Ата – аналардың эмоциялық күйреуі оны қалай болдырмауға және жеңуге болады?» тақырыбында 10Б сынып жетекшісі – Перузханов Абдулла Мақсатұлы өткізді.  
Мақсаты: Ата-аналарға эмоциялық күйреудің (эмоциялық шаршау, стресс, күйзеліс) себептері мен белгілерін түсіндіру.
Оны алдын алу және жеңу жолдары туралы пайдалы кеңестер беру.
Ата-аналардың психологиялық тұрақтылығын нығайтуға көмектесу.
Балалармен қарым-қатынаста эмоционалдық тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығын көрсету.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: