25
февраль
2025
«Рахмет саған, Қазақстаным» бейнероликтер байқауы
Туған жерге, мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге ризашылық білдіру мақсатында «Рахмет саған, Қазақстаным» бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды.
Бесінші сынып оқушылары Қазақстанға деген сүйіспеншіліктерін көркем кадрлар, монтаждау және музыкалық сүйемелдеу арқылы, сондай-ақ өлеңдер мен алғыс сөздер арқылы білдірді.
Мектеп оқушылары Қазақстанға қонақжайлылығы, бай тарихы мен мәдениеті және дамуға берген мүмкіндіктері үшін алғысын білдіреді. Олар да туған елге деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, Қазақстанның болашағы жарқын, гүлденуіне тілектес.
