Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
октябрь
2025

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанаты өтті

13.10.2025ж. №171 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанаты өтті.
 
 Апталықтың мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, тіл байлығын дамыту, әдеби мұрамызды насихаттап, рухани тәрбие беру. Іс-шара 1 және 2 ауысым оқушыларына арнайы ұйымдастырылды.
 
 Ашылу салтанаты мектеп директоры Немертов Нұрдаулет Серікұлының құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны мен маңызына тоқталып, оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге, сапалы білім алуға және ұлттық құндылықтарды бағалауға шақырды.
 
 Салтанатты жиында оқушылар қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінділер оқып, мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық әндер шырқалып, күмбірлеген күй орындалды. Мектептің өнерлі оқушылары көркем сөз оқып, ән айтып, би билеп, көпшіліктің көңілінен шықты.
 
 Апталықтың ашылу салтанаты оқушылар мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл іс-шара алдағы күндерде өтетін түрлі танымдық сайыстар мен әдеби кештердің бастамасы болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: