08
май
2026
Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын қастерлі тарих
08.05.2025 ж. мектебіміздің 9 “А” сынып оқушылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагері Акимбекова Нуржамал апайдың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Оқушылар ардақты жанға ізгі тілектерін арнап, гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыстады. Кездесу барысында Нуржамал апай өткен күндердің естеліктерімен бөлісіп, ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңдегі еңбек пен төзімнің маңызын әңгімеледі.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен үлкенге құрмет, тарихқа тағзым секілді асыл қасиеттерді дарытады.
Бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін аянбай еңбек еткен ардагерлерімізге мың алғыс!
Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын қастерлі тарих.