Ата-аналар жиналысы өткізілді
Жиналыстарды өткізудің мақсаты – оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін талқылау, жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту болды.
Жиналыс барысында ата-аналармен жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері қарастырылды: жол қозғалысы ережелері, судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, үйде және қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық сақтау.
Сонымен қатар оқушылардың жазғы демалысын алдын ала жоспарлау, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және каникул кезеңіндегі жұмыспен қамтылуы бойынша жұмыстар жүргізілді. Қосымша жаңа оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар, оқушылардың бірыңғай мектеп стилі мен сыртқы келбетін сақтау мәселелері талқыланды.
Ата-аналарға тиісті ұсынымдар мен жадынамалар берілді. Ата-аналар жиналыстары ұйымдасқан түрде және іскерлік жағдайда өтті.
14–15.05.2026 г. были проведены родительские собрания среди родителей учащихся школы 1-11 классов.Целью проведения собраний являлись обсуждение вопросов обучения и воспитания учащихся, обеспечение безопасности учащихся в период летних каникул, а также укрепление взаимодействия между школой и родителями.
В ходе собраний с родителями были рассмотрены вопросы соблюдения мер безопасности во время летних каникул: правила дорожного движения, безопасность на воде, пожарная безопасность, профилактика правонарушений среди несовершеннолетних, безопасное поведение дома и в общественных местах.
Также проведена предварительная работа по планированию летнего отдыха учащихся, организации досуга и занятости детей в каникулярный период. Дополнительно были обсуждены требования к школьной форме на новый учебный год, соблюдение единого школьного стиля и внешнего вида учащихся.