Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дөңгелек үстел ұйымдастырылды
19
декабрь
2022
Дөңгелек үстел ұйымдастырылды
С. Мұратбековтың - 85 жасқа толуына орай "Жабайы алма" романы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қазақ әдебиетіне ғажайып от шығармалар берген жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сайын Мұратбековтың Шоқтығы биік «Жабайы алма» романы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді
19
декабрь
2022
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді
11-сыныптарда «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболат атындағы Академиясының» өкілдерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Өкілдер академия туралы, оқу бағдарламалары, тағылымдамалар, академияға түсу үшін іріктеу кезеңдері мен шарттары туралы айтты.
"Менің Отаным Қазақстан" суреттер байқауына белсенді қатысты
15
декабрь
2022
"Менің Отаным Қазақстан" суреттер байқауына белсенді қатысты
1-5 сынып оқушылары "Менің Отаным Қазақстан" тақырыбындағы суреттер байқауына белсенді қатысты. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған. Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік рәміздерді, өз халқының тарихи мұрасын құрметтеуді, жауапкершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу; оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту. Конкурстың қорытындысы шығарылды. https://www.facebook.com/100021895193280/videos/482800540606523/
"Жаса Қазақстан!" атты пікірталас турнир өтті
15
декабрь
2022
"Жаса Қазақстан!" атты пікірталас турнир өтті
№171 ЖББМ КММ-де "Жаса Қазақстан!" атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған пікірталас турнир өтті. Пікірталас турнирінің қарары:  "Қазақстан кеше, бүгін, ертең", "Менің өмірімдегі ең бастысы, маған бақыт үшін не керек". Дебатқа 9-11 сынып оқушылары қатысып, Тәуелсіздіктің қалыптасуы, Қазақстан азаматтары үшін Тәуелсіз мемлекет мәртебесінің маңызы мәселелерін талқылады.
«Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы
15
декабрь
2022
«Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы
Іс-шараның мақсаты – еліміздің тарихына деген қызығушылық пен құрметті қалыптастыру, патриоттық және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу». Сондай-ақ іс-шараның бағдарламасында мектеп оқушыларының өнер көрсетуі, өлең оқу және т.б. болды. Іс-шараны өткізу өскелең ұрпақты адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуге және шығармашылық дамуына ықпал етеді. https://www.facebook.com/100021895193280/videos/562119572403624/ https://www.instagram.com/p/CmLuv8EKjGx/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
III дәрежелі дипломмен марапатталды
15
декабрь
2022
III дәрежелі дипломмен марапатталды
Алматы Қаласы Алатау ауданы «Дарынды балаларға – талантты Ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің III дәрежелі жүлдегері Жораева Сағыныш Жумахметқызы марапатталды.
Дөңгелек үстел «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы»
15
декабрь
2022
Дөңгелек үстел «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы»
16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай  «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
"CAREER time" ең керемет кәсіби бағдар беру фестиваліне қатысты
15
декабрь
2022
"CAREER time" ең керемет кәсіби бағдар беру фестиваліне қатысты
11-сынып оқушылары QLab қалалық жобалар зертханасында "CAREER time" ең керемет кәсіби бағдар беру фестиваліне қатысты. "CAREER TIME" фестивалінде оқушылар өз мансабын құруды, дұрыс мамандықты таңдауды және жас маман жалдаған кезде жұмыс берушілер қарайтын қазіргі әлемде іске асыруды үйренді.
«Біріккен балалар мен жастар ұйымы» қатарына салтанатты түрде қабылданды
15
декабрь
2022
«Біріккен балалар мен жастар ұйымы» қатарына салтанатты түрде
N171 ЖББМ-де 1,5 сыныптарда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында «Жас Ұлан» және «Жас қыран» қатарына салтанатты қабылдау өтті. – «Жас Ұлан» – «Жас Қыран» ұйымының мақсаты – жас ұрпақты өз Отанының патриоты етіп, мәдениетке, төзімділік пен бітімгершілік дәстүрлеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
«Тәуелсіздік - тәңірдің сыры» тақырыбындағы сынып сағаты
14
декабрь
2022
«Тәуелсіздік - тәңірдің сыры» тақырыбындағы сынып сағаты
1-11 сыныптарда «Тәуелсіздік - тәңірдің сыры» тақырыбындағы сынып сағаты өтті. Мақсаты: - Қазақстан халықтарының патриоттық сезімін, өз Отанына деген сүйіспеншілігін, тарихи өткеніне, бүгіні мен жарқын болашағына мақтаныш сезімін тәрбиелеу; - Қазақстан тарихы бойынша білімдерін бекіту; - Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту.