Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізді
17
март
2023
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізді
1-11 сыныптардың сынып жетекшілері көктемгі демалыста қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізді. Мақсаты: Көктемгі демалыста қауіпсіздік ережелерімен таныстыруды жалғастыру, алған білімдерін бекіту. Міндеті: Көктемгі демалыста қауіпсіздік шаралары жөнінде нұсқаулық өткізу.
Республикалық домбыра тарту сайысы 
17
март
2023
Республикалық домбыра тарту сайысы 
Республикалық домбыра тарту сайысы  Байқаудың мақсаты – қазақ мәдениетінің қазынасы ретіндегі домбыраның құндылығы мен маңызын арттыру және жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын ояту, құрметтеу. Өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік мәдениет пен патриоттық сезімді тәрбиелеуге, еліміздің мәдени мұрасын сақтауға, балалар арасында домбыра ойынын кеңінен насихаттауға бағытталған. https://www.facebook.com/100021895193280/videos/132952383053476/
«Қайырымды Ұлт» акциясы
16
март
2023
«Қайырымды Ұлт» акциясы
Праздник добра и благотворительности. Акции «Қайырымды Ұлт» Бүгін «Қайырымды ұлт» ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған челленджде қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары мен тағамдары туралы викториналық сұрақтар қойылып, бауырсақ таратып жақсы көңіл күй сыйлады. https://www.facebook.com/100021895193280/videos/944122433388718/ https://www.instagram.com/reel/Cp5GWjZo3e7/?utm_source=ig_web_copy_link
«Таза табиғат» акциясы – «Көліксіз бір күн» челленджі өтті
16
март
2023
«Таза табиғат» акциясы – «Көліксіз бір күн» челленджі өтті
Тазалық және қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі Іс-шараның негізгі мақсаты – автокөліктердің атмосфералық ауаны ластау мәселелеріне назар аудару, қала ауасындағы пайдаланылған газдардың шоғырлану деңгейін төмендету. Қоғамдық көлік, велосипед тебу, жаяу жүру сияқты балама көлік түрлерінің бар екенін экологиялық акциясы арқылы еске салғызу. https://www.facebook.com/100021895193280/videos/5715384061900884/ https://www.instagram.com/reel/Cp5Gfv7I2gb/?utm_source=ig_web_copy_link
"Әз Наурыз құтты болсын!" тақырыбында көрме ұйымдастырылды
15
март
2023
"Әз Наурыз құтты болсын!" тақырыбында көрме ұйымдастырылды
Мақсаты: Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмеген бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының салт дәстүрлері, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халықымыздың салт-дәстүрін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.  
Наурыз мерекесіне арналған сынып сағаттарын өткізді
14
март
2023
Наурыз мерекесіне арналған сынып сағаттарын өткізді
1-11 сыныптардың сынып жетекшілері Наурыз мерекесіне арналған сынып сағаттарын өткізді. Мақсаты: балалардың қазақтың салт- дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, әдет-ғұрыптары туралы білімдерін таныстыру және бекіту; мәдениетке деген құрмет, қызығушылық сезімін ояту.  
«Көрісу» салтынан басталады
14
март
2023
«Көрісу» салтынан басталады
Наурыз мейрамы осы айдың 14-нен, яғни «Көрісу» салтынан басталады. Бұл күнді кей жерлерде «амал» деп те атайды. Ал кейбір деректер бойынша мұны Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша көрісу /яғни, қауышу/ күні дейді. Бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір-бірін амал мерекесімен құттықтайды. https://www.facebook.com/100021895193280/videos/1316598422232825/ https://www.instagram.com/reel/Cp0WdJUIkSE/?igshid=YmMyMTA2M2Y=  
«Дені сау болу сәнді!» тақырыбында әңгіме құрды
13
март
2023
«Дені сау болу сәнді!» тақырыбында әңгіме құрды
9-сынып сынып жетекшілері «Дені сау болу сәнді!» тақырыбында әңгіме құрды. Сабақтың мақсаты:  - оқушылардың салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін қалыптастыру өмірге және денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарау.
«Қандай кітаптарды оқығаның есіңізде қалды? Неліктен кітап оқу керек?»
13
март
2023
«Қандай кітаптарды оқығаның есіңізде қалды? Неліктен кітап оқу керек?»
2-сынып сынып жетекшілері «Қандай кітаптарды оқығаның есіңізде қалды? Неліктен кітап оқу керек?» тақырыбында әңгіме өткізді. Мақсаты: - ана тіліне байланысты патриоттық сезімді дамыту; - балаларды кітапты сүюге, оған деген ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;
11 сынып оқушылары арасында «Кәсіптік бағдар беру» іс-шарасын жүргізді
10
март
2023
11 сынып оқушылары арасында «Кәсіптік бағдар беру» іс-шарасын жүргізді
11 сынып оқушылары арасында «Тұран университеті» өкілдері «Кәсіптік бағдар беру» атты іс-шара жүргізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері: - Оқушыларға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, оларды алу жолдары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру: - Әлеуметтік серіктестік құру;