«Поэзия алыбы – Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Қазақтың ұлы ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия алыбы – Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Мұқағали Мақатаевтың шығармалары, өлеңдер жинағы мен аудармалары, мерзімді басылым материалдары қойылды. Мақсаты: оқырмандарды Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, өнерімен таныстыру. Мұқағали Мақатаев сияқты бір-ақ рет өмірге келетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету.