Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ата-анамның жұмысында бір күн" акциясы
17
февраль
2023
"Ата-анамның жұмысында бір күн" акциясы
9-сыныптар арасында "Ата-анамның жұмысында бір күн" акциясы өткізілді. Мақсаты:  ата-аналардың мамандықтарымен таныстыру, білімдерін кеңейту . Міндеттері: - әр түрлі мамандықтағы адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу; - көкжиекті, қызығушылықты дамыту; - оқушылардың сөйлеуін дамытуға жағдай жасау, талдау жасауға үйрету .
"Қыздармен профилактикалық әңгіме" өткізілді
16
февраль
2023
"Қыздармен профилактикалық әңгіме" өткізілді
"Қыздармен профилактикалық әңгіме" өткізілді. №171 ЖББМ 7-8 сынып оқушылары қатысты. Мектеп медбикесі С. Құлбасова оқушыларға жастар арасындағы ерте жыныстық өмір туралы айтып берді. Жасөспірімдердің барлық сұрақтарына мазмұнды жауаптар берді.
15 ақпан - Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні
15
февраль
2023
15 ақпан - Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні
1-11 сыныптардың сынып жетекшілері "Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты:  оқушыларда патриоттық сезімді тәрбиелеу.
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
14
февраль
2023
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл мерекенің негізгі идеясы – мұғалімдер мен оқушыларды жақсы кітаптар сыйлауға ынталандыру. Бұл акцияға ата-аналарды тарту. Акцияның мақсаты: Балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Мектеп кітапханасына кітаптар жинау, кітап қорын жаңарту және толықтыру.
«АИТВ-ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізілді
13
февраль
2023
«АИТВ-ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізілді
7-сынып жетекшілері оқушыларға «АИТВ-ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізілді. Мақсаты мен міндеттері: - салауатты өмір салтын бекіту, салауатты өмір салты туралы теориялық білімдері мен сенімдерін дамыту. - өз денсаулығына және басқалардың денсаулығына жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру; - тәуелді аурудың алдын алу.
"Адамда бәрі жақсы болуы керек... " тақырыбында әңгіме өттті
10
февраль
2023
"Адамда бәрі жақсы болуы керек... " тақырыбында әңгіме өттті
6-сыныптар арасында «Адамда бәрі жақсы болуы керек... (ойды жалғастыру») тақырыбында әңгіме өткізілді. Мақсаты: - мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу; - балалардың мейірімділік, сыпайылық туралы түсініктерін кеңейту; - өзара көмектесуге тәрбиелеу.
Абайлаңыз, қауіпті мұз!
10
февраль
2023
Абайлаңыз, қауіпті мұз!
Ауа райының көтерілуіне байланысты қала аумағында мұз нәзік және өте қауіпті болуына байланысты келген қызметтік хат негізінде, желтоқсан айынан бастап бүгінге күнге дейін, №171 ЖББ мектептің оқушыларымен қысқы кезде су айдындарында бала өліміне жол бермеу мақсатында, сондай-ақ судағы мінез-құлық ережелерін сақтау бойынша оқушылардың білім деңгейлерін арттыру мен қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде профилактикалық іс-шара жүргізілді.  
«Зиянды әдеттер» ақпараттық сағаты өтті
09
февраль
2023
«Зиянды әдеттер» ақпараттық сағаты өтті
7-8 сыныптар арасында «Зиянды әдеттер» ақпараттық сағаты өтті. Мақсаты: - Оқушылардың салауатты өмір салты туралы білімдерін толықтыру. - Жаман әдеттердің қалыптасуының алдын алу. - Балалардың зиянды әдеттерден саналы түрде бас тартуын дамыту.
Кәсіртік бағдар беру бағытында жұмыстар жүргізді
09
февраль
2023
Кәсіртік бағдар беру бағытында жұмыстар жүргізді
№171 ЖББМ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Халықаралық қызмет және менеджмент колледжі» өкілдері 9-сынып оқушылары арасында кәсіртік бағдар беру бағытында жұмыстар жүргізді.
«Поэзия алыбы – Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
09
февраль
2023
«Поэзия алыбы – Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Қазақтың ұлы ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия алыбы – Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Мұқағали Мақатаевтың шығармалары, өлеңдер жинағы мен аудармалары, мерзімді басылым материалдары қойылды. Мақсаты: оқырмандарды Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, өнерімен таныстыру. Мұқағали Мақатаев сияқты бір-ақ рет өмірге келетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету.