Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"АИТВ/ЖИТС туралы түсінік" тақырыбында ақпараттық минут өткізілді
01
февраль
2023
"АИТВ/ЖИТС туралы түсінік" тақырыбында ақпараттық минут өткізілді
8-сыныптар арасында "АИТВ/ЖИТС туралы түсінік" тақырыбында ақпараттық минут өткізілді. Мақсаты мен міндеттері: оқушыларды АИТВ/ ЖИТС ұғымы туралы таныстыру. адамның иммундық жүйесі туралы толық түсінік беру АИТВ-инфекциясының таралуы туралы түсінік беру осы аурудың алдын-алумен таныстыру. Оқушылар АИТВ/ ЖИТС ұғымы, АИТВ-инфекциясының таралуы және адамның иммундық жүйесі туралы білді.
Ақпараттық сабақ өткізді
01
февраль
2023
Ақпараттық сабақ өткізді
Тарих пәнінің мұғалімі С. К. Қизат 9-10 сыныптарда "Діни экстремизм мен терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке қауіптілігі" тақырыбында ақпараттық сабақ өткізді. Қизат С.К. ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі дамыту және нығайту мәселесінде Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарын түсіндірді, діни ілімге төнген қатерді саяси мақсаттарда пайдаланатын экстремистердің құқыққа қарсы әрекеттері қоғам үшін қауіп төндіретінін көрсетті.
"Алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану"
01
февраль
2023
"Алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану"
5-6 сыныптардың сынып жетекшілері "Алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану" тақырыбында әңгіме өткізді. Сынып жетекшілері өрт сөндіру бөлімдері, заманауи жабдықтармен жарақтандыру, өнімді өрт сөндіру құралдары туралы айтып берді. Мектептердегі алғашқы құралдарды білу және қолдана білу қаншалықты маңызды. Мақсаты: оқушыларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен таныстыру, отпен күресудің қарапайым дағдыларын үйрету.
"Ақпараттық кеңістікте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керек"
01
февраль
2023
"Ақпараттық кеңістікте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керек"
"Ақпараттық кеңістікте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керек" тақырыбында құқықтық жалпы оқыту бойынша әңгіме өткізілді. Әңгіме жасөспірімдердің интернет желісін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселесіне, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері туралы болды. Мақсаты: балалардың назарын аудару және интернетке тәуелділіктен қорғау, оқушылардың компьютердің балаларға әсері туралы түсініктерін тереңдету.
"Әлемге әйгілі қазақ әншісі Роза Бағлановаға 100 жыл"
31
январь
2023
"Әлемге әйгілі қазақ әншісі Роза Бағлановаға 100 жыл"
Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуын мерекелеу аясында 9-10 сыныптар арасында "Әлемге әйгілі қазақ әншісі Роза Бағлановаға 100 жыл" тақырыбында пікірталас өткізілді. Қатысушылар Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Батыры, Ұлы Отан соғысы майдандарындағы концерттердің қатысушысы, ол біздің елімізде және шетелде ән шығармашылығын сүйетіндер арасында әлі де танымал екенін атап өтті.
Құқықтық жалпы оқыту бойынша әңгіме өткізілді
31
январь
2023
Құқықтық жалпы оқыту бойынша әңгіме өткізілді
"Ақпараттық кеңістікте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керек" тақырыбында құқықтық жалпы оқыту бойынша әңгіме өткізілді. Әңгіме жасөспірімдердің интернет желісін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселесіне, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері туралы. Мақсаты: балалардың назарын аудару және интернетке тәуелділіктен қорғау, оқушылардың компьютердің балаларға әсері туралы түсініктерін тереңдету.
9-10 сыныптар арасында дөңгелек стол өтті
31
январь
2023
9-10 сыныптар арасында дөңгелек стол өтті
9-10 сыныптар арасында "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдаланудың өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек стол өтті. Іс-шараны өткізудің мақсаты: оқушылардың Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, еліміздің тарихи өткені мен халықтарының дәстүрлеріне құрметпен қарауын қалыптастыру, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, танымдық қызығушылығын дамыту, Мемлекеттік рәміздер саласындағы ой-өрісін кеңейту.
"Қазақстан - бейбітшілік және келісім аумағы" дөңгелек үстел
30
январь
2023
"Қазақстан - бейбітшілік және келісім аумағы" дөңгелек үстел
№171 ЖББМ КММ "Қазақстан - бейбітшілік және келісім аумағы" атты дөңгелек үстел өткізді. 10-сынып оқушыларымен диалог алаңы. Іс-шараның мақсаты: мемлекеттілікті, Қазақстан халқының бірлігін нығайту және қоғамды базалық құндылықтар төңірегінде шоғырландыру, оның негізінде - Тәуелсіздік, Тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім;
"Жасөспірім және құқық бұзушылық" тақырыбында әңгіме өткізілді
30
январь
2023
"Жасөспірім және құқық бұзушылық" тақырыбында әңгіме өткізілді
"Жасөспірім және құқық бұзушылық" тақырыбында әңгіме өткізілді. Әңгімені мектеп инспекторы Е. С. Ешмұханбетов , ТЖ жөніндегі директордың орынбасары С. Д. Нұраханова жүргізді. Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу; оқушылармен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс мәселесін талқылау;
«Төтенше жағдайлар» тақырыбында сабақ өткізді
30
январь
2023
«Төтенше жағдайлар» тақырыбында сабақ өткізді
Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалық жоспарының 8- тармағын орындау мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға «Халықтың өзін-өзі ұстау ережелері туралы хабардар ету» бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әмрин А.Қ. бекіткен жоспарына сәйкес №171 ЖББМ/КММ-де оқушылар мен ата-аналармен каскадтық әдісті қолданып «Төтенше жағдайлар» тақырыбында Төтенше жағдайлар маманы Бектұрсын Әлишер Ерғалиұлы сабақ өткізді.