«Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымының мүшелігіне қабылдау салтанаты өткізілді
Алматы қаласы Алатау ауданы №171 мектептебінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты «Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымының мүшелігіне қабылдау салтанаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп, қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге, оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру болды.