«Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымының мүшелігіне қабылдау салтанаты өткізілді
Алматы қаласы Алатау ауданы №171 мектептебінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты «Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымының мүшелігіне қабылдау салтанаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп, қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге, оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру болды. Аталған іс-шараға 9-10 сынып оқушылары қатысты. «Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымының мүшелігіне қабылдау салтанатында ұйымның әнұраны орындалып, №171 ЖББ мектептің ұланбасы Изимгалиева Мариям болашақ жас ұландарға ыстық лебізін білдірді. «Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымының анты қабылданып, төс белгі және галстук тағу рәсімі өткізілді. Ант қабылдау рәсімінен соң директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нураханова С.Д. жас ұландықтарды құттықтады.


