Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді
11-сынып оқушылары арасында «Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты» университетінің өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Мамандық таңдау мәселесі әрқашан жоғары сынып оқушыларының алдында тұрады және қазіргі уақытта қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге байланысты әсіресе өзекті болуда. Мектеп оқушыларының көптеген жаңа мамандықтар туралы ақпараты аз, ал дәстүрлі мамандықтар айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда.