Жолақтарсыз, торсыз қою көк түсті мектеп формасы бекітілді
Құрметті ата-аналар! Мектеп формасына қойылатын талаптар туралы өздеріңізге кең көлемде тағы да ақпарат беруді жөн санап отырмыз. Талдау көрсеткендей, қалада 2017 жылдан бастап мектеп оқушыларының 90%-дан астамы қою көк түсті мектеп формасын киеді. Осыған байланысты білім бөлімдерінің басшыларымен, мектеп директорларымен аппараттық кеңестерде осы түсті мектеп формасына жаппай көшу туралы мәселе бірнеше рет талқыланды.