Мектебімізде қауіпсіздік тақырыбында сынып сағаты өткізілді
Мектебімізде қауіпсіздік тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, төтенше жағдайлардың алдын алу, жолда, мектепте және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстауға үйрету. Іс-шара барысында оқушылар қауіпсіздік туралы өз ойларымен бөлісіп, түрлі жағдаяттарды талқылады. Сонымен қатар, өмір қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, сақтықтың маңыздылығы айтылды.