Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2025

АПҚО ұйымдастыруымен ата – аналар жиналысы өтті

15.03.2025ж.Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастырымен ата – аналар жиналысы өтті. 1- 4 сынып оқушылары ата – аналарына «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы » тақырыбында 3А сынып жетекшісі Алиева Ирина жүргізді. 
Мақсаты: 
-  Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ең басты міндет екенін ата-аналарға түсіндіру.
-  Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-ананың, мектептің және қоғамның рөлін талқылау.
-   Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудағы ата-ананың үлесін арттыру.
- Балаларды төтенше жағдайлардан, интернет, көше, үй және мектептегі қауіп-қатерден сақтау жолдарын көрсету.
5- 9  сынып оқушылары ата – аналарына  «Балаңыз төтенше жағдайға дайын ба?» тақырыбында 6 В сынып жетекшісі Джангирбекова Джамиля Егимбаевна  жиналыс өткізді. 
Мақсаты: 
-  Балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білімін арттыру жолдарын ата-аналармен бірлесіп қарастыру.
-  Ата-аналарға төтенше жағдайлар түрлері (өрт, жер сілкінісі, газдың шығуы, бейтаныс адамдармен байланыс, интернеттегі қауіптер және т.б.) туралы мағлұмат беру.
-  Баланың шұғыл жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруда ата-ананың рөлін күшейту.
10- 11 сынып оқушылары ата – аналарына «Жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында 11А сынып жетекшісі – Перузханов Дадаев Аслан Мехманович өткізді.  
Мақсаты:   
 - Баланың жеке қауіпсіздігіне байланысты түсінігін қалыптастыруға ата-аналардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
-  Баланың өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту жолдарын ата-аналармен бірге талқылау.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: