14
октябрь
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “Әдеби кездесу” сабағы
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “Әдеби кездесу” сабағы
14 қазан күні КГУ ОШ №171 мектебінде қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Әдеби кездесу» атты ашық сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Абай шығармашылығын тереңірек таныту, ақын мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, оқушылардың әдеби танымын кеңейту.
Сабақ барысында оқушылар ақынның өлеңдерін, қара сөздерінен үзінділерді жатқа айтып, Абайдың өмір жолы мен рухани мұрасына байланысты баяндамалар жасады. Сондай-ақ, оқушылар Абайдың шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісіп, мәнерлеп оқу, сахналық қойылымдар арқылы өз өнерлерін көрсетті.
Мұғалімдер мен оқушылардың белсенді қатысуымен өткен бұл «Әдеби кездесу» сабағы тәрбиелік мәні жоғары, рухани-мәдени маңызы зор тағылымды шара болды. Іс-шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, естелік суретке түсті. 14 октября в КГУ СОШ №171 состоялся открытый урок под названием «Литературная встреча», приуроченный к 180-летию великого казахского поэта, мыслителя и просветителя Абая Кунанбаева. Цель мероприятия — углублённое знакомство с творчеством Абая, популяризация его наследия среди молодёжи, развитие литературного кругозора учащихся.
В ходе урока ученики выразительно читали стихи поэта, отрывки из его философских проз («Слов назидания»), делали доклады о жизни и творческом пути Абая. Также школьники делились личными впечатлениями от прочитанных произведений, показывали инсценировки и проявляли свои творческие способности.