Негізгі орта мектепті бітіру туралы куәліктер табысталды
Мектебімізде 9 – сынып білім алушыларының негізгі орта мектепті бітіруіне арналған "Жарқын болашаққа – жаңа қадам" атты тақырыпта салтанатты жиын оздырылды. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Әлия Сагындыкқызына берілді. Әлия Сагындыкқызы негізгі орта мектепті бітіріп жатырған оқушыларға жүрекжарды тілегін білдіріп, 9 – сыныптың негізгі орта мектепті бітіру туралы куәлікті салтанатты түрде табыстады.