Орта білім туралы аттестат салтанатты түрде табысталды
Алматы қаласы Алатау ауданы №171 жалпы орта білім беретін мектебінде 11 сыныпты аяқтаушы оқушыларға арнап аттестат тапсыру салтанатты жиыны болып өтті. Мектеп директоры Әлия Сагындыковна оқушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді. Келесі кезекте орта білім туралы аттестат оқушыларға салтанатты түрде табысталды.