"Бейімбет Майлин шығармаларындағы ашаршылықтың ащы шындығы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 171 » Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бейімбет Майлин шығармаларындағы ашаршылықтың ащы шындығы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті
21
февраль
2024

"Бейімбет Майлин шығармаларындағы ашаршылықтың ащы шындығы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

"Бейімбет Майлин

 шығармаларындағы ашаршылықтың ащы шындығы"

171 мектеп- қазақ руханиятының үш бәйтерегі атанған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын рухани жаңғыру контекстінде әрі филологиядағы соңғы парадигмалар тұрғысынан қарастыру және көпшілікке насихаттау, сонымен қатар Б.Майлин шығармаларындағы ашаршылықтың ащы шындығын талқылай отырып, оқушылардың тарихты қадір тұтып, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту мақсатында 10-сынып оқушылары арасында "Бейімбет Майлин шығармаларындағы ашаршылықтың ащы шындығы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
 Дөңгелек үстел барысында әр топ берілген шығарманың негізгі тақырыбын, идеясын, кейіпкерлердің тағдыры мен қиындықтары туралы баяндайды.
 1 топ - "Күлпаш"әңгімесі,
 2 топ - "Аштық құрбаны",
 3 топ - "Әже" әңгімесі.
 1921-1922 және 1931-1933-нші жылдар. Қазақтың, тіпті адамзат тарихында бұрын-соңды естіп, білмеген қасіретке толы, қайғылы, зұлмат жылдар. Қанды қол қызылдардың қасақана қолдан жасаған ашаршылығынан кейбір дерек бойынша 4 млн. 100 мың! қазақ баласы қырылып қалған. Қатарда жоқ миллиондар. Үзілген үміттер. Орындалмаған армандар. Қара жолдың бойында, қыстақтардағы үйлерде, ой мен қырда, тау-тастың қуысында, қала көшелерінде қазақ қынадай қырылып жатты. Есесіне қазақтың малы мен астығы ішкі Ресей мен елдегі қандыкөл армия мен партияны тамақтандырды.
 XX ғасыр басындағы барша ауыртпалықтар мен асыра сілтеушіліктер түп-түгелімен Бейімбет шығармаларынан ойып орын ала білген. Оны көру үшін, әрине, жіті көз керек. Зерек ақыл керек. Байқампаз ынта қажет. Солай бола тұрса да, Бейімбет Майлиннің осы күнге дейін байқалмай келе жатқан бір құпиясы - заманмен үндестігі hәм кезеңнің куәгері екендігі ашыла түссе деген ниет.
 XX ғасырдың бас кезіндегі ел өмірінің ақ-қарасын ажыратып, қатпарлы құпиясын молынан аша түскіміз келсе, ең алдымен Бейімбет Майлинді оқиық. Тереңдеп, түсініп оқиық.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: